Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Жыл соңына қарай Алматы облысының 1,2 млн тұрғыны табиғи газға қосылады

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыста ауыз сумен қамту жүйелерінің құрылысы мен жөндеуіне қатысты 17,9 млрд теңгеге 110 жоба іске асырылуда. Осының нәтижесінде 90 елді мекенде ауыз су сапасы жақсарады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл соңына қарай Алматы облысының 1,2 млн тұрғыны табиғи газға қосылады

"Бүгінгі күні Алматы облысы ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту бойынша көшбасшы саналады, оның қамту көрсеткіші – 98,8%. Ал өңір халқының 80%-і ауылда тұратынын сіздер жақсы білесіздер", - деді А. Баталов ОКК алаңында өткен брифингте сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар бүгінгі күні газ облыстың 15 ауданы мен қаласына жеткізіліп, газдандыруға жататын 144 елді мекенге газ тартылды.

Талдықорғанда IV кезегі аяқталуда, Балқаш, Қаратал, Көксу, Кербұлақ және Ескелді аудандарында ауылішілік желілердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.  Жыл соңына қарай облыстың 1,2 млн тұрғыны немесе 57% газға қосылуға мүмкіндік алады.

"Бүгінгі күні бес ауданда  газ жеткізілмеген, ол үшін "Ақсу - Сарқан - Үшарал", "Шелек – Кеген - Нарынқол" бағытындағы газ құбырлары құрылысының құжаттамалары дайындалуда. Соның нәтижесінде тағы 300 мың адам газбен қамтылатын болады", - деді ол.