Қоғам • 04 Қараша, 2020

Нұрлан Нығматулин Вена қаласындағы және Қабылдағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Аустрия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Вольфганг Соботкаға және Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті Волеси Джиргасының Төрағасы Мир Рахман Рахманиға лаңкестік шабуыл салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлан Нығматулин Вена қаласындағы және Қабылдағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин өзінің және Палата депутаттарының атынан Вена қаласында және Қабыл университетінде жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан қаза тапқандардың отбастарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин Аустрия мен Ауғанстан халқына сабырлылық пен төзімділік тілеп, зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектестік білдірді.