Мультимедиа • 05 Қараша, 2020

Халық арна» халыққа жол тартты

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен мүфтияттың төл телеарнасы іске қосылды.

Халық арна» халыққа жол тартты

Халық арна» деп аталған жаңа арнаның ашылуына Марат Тоқашбаев, Сайын Молдағалиұлы, Асылы Осман, Асылбек Боранбаев сынды ел ағалары мен өнер майталмандары қатысты.

«Діни басқарма жыл басынан бері негізінен қайырым­дылық бағытта жұмыс істеп келеді. Дегенмен қазіргі ақпа­рат ғасырында жаңа технологияны игеріп, жаңалық бе­рудің телевизиялық тәсі­лін өзімізден басқаруды ұйғар­дық. Осыған орай ҚМДБ жа­нынан республикалық «Халық арна» атты төл телеарнамызды ашқалы отырмыз. Қазіргі таңда арнаға қа­жетті контент жинақтау жұмыс­тары аяқталды. Діни бағыттағы бағдарламалар, сұхбаттар, сюжеттер мен бейне-­

­ролик­тердің басым бөлігі ҚМДБ-ның бас кеңсесінде түсіріледі. Мақсатымыз – дәс­түрлі Исламды кеңінен насихаттау. Аллаға шүкір, бұл үлкен іс болды. Діннің насихаты жолында табысты арна болсын» деді шара барысында Наурызбай қажы Тағанұлы.

Таныстырылым шарасында ҚМДБ Төрағасы арнаның Бас директоры Нұржан Дар­құловты көпшілікке таны­с­тырды. Ресми ашылудан соң қонақтар телестудия мен редакция бөлмесін аралады. 24 сағат хабар таратуға қауқарлы телеарна қажетті мамандармен толық қамтылған. Шара со­ңында ел ағалары игі тілегін білдіріп, жырдан шашу шашты.

Айта кетейік, «Халық арна» «Отау тв» мен «Idtv» ка­бель­­дік желілері арқылы хабар таратады.