Тарих • 05 Қараша, 2020

"Ұлытау. Ұлық ұлыс" деректі фильмі жарыққа шықты

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алтын Орданың 750 жылдығы қарсаңында "Ұлытау. Ұлық ұлыс" атты деректі фильмі көрерменге жол тартты, деп хабарлайды E-history.kz порталы.

"Ұлытау. Ұлық ұлыс" деректі фильмі жарыққа шықты

Тарихи-танымдық бағыттағы фильмді "ҚазАқпарат" ХАА АҚ қарасты "Qazaqstan tarihy" интернет-жобасы түсірген. Деректі фильмнің басты мақсаты - Ұлытау өңіріндегі ұлтымызға мұра болып қалған киелі жерлерді дәріптеп, туристердің көптеп келуіне қолдау көрсету. Деректі фильм 2 бөлімнен тұрады.

Аталған фильмде Қарағанды облысы Ұлытау ауданының киелі жерлері мен Едіге есімін алған таудың төбесінде жерленген Едіге, Тоқтамыс, одан бөлек, Жошы хан, Алаша хан және өзге де тарихи тұлғалардың кесенелері, Хан ордасы, Әулиетау (ақмешіт) сынды қасиетті орындар көрініс тапқан. Сондай-ақ Ұлытау ауданының орталығы Ұлытау ауылы да бейнеленген.