Аймақтар • 05 Қараша, 2020

Қызыл Крест нұсқаушылары әскери дәрігерлерге тренинг өткізуде

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің әскери медицина орталығында нұсқаушылар мен парамедиктер алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша қысқа мерзімді тренингтен өтуде. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызыл Крест нұсқаушылары әскери дәрігерлерге тренинг өткізуде

Іс-шара ҚР Қорғаныс министрлігі мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің ағымдағы жылға арналған екі жақты ынтымақтастық жоспары бойынша ұйымдастырылды.

Ливанға баруға дайындалып жатқан бесінші бітімгершілік ротаның әскери қызметшілері үшін сабақты Қазақстан Қызыл Жарты Ай нұсқаушылары жүргізді.

Теориялық тұрғыдан басқа қатысушылар оқиға орнын бағалау, зардап шеккен науқасты тексеру, жарылыс пен күйіктен зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсету, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізуді тәжірибе жүзінде дағдыларын шыңдады.

Курс аяқталғаннан кейін нұсқаушылар әскери қызметшілерді оқыту құқығын беретін сертификат алады.

Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы әлемдегі ең ірі гуманитарлық ұйым, ол Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысының бір бөлігі болып табылады.