Қоғам • 05 Қараша, 2020

Оқу бітірген жастар жұмысқа қалай орналасады?

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Онлайн іс-шара форматы мемлекеттік органдармен диалогты реттеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, білім министрлігімен болашақ мамандықтар, «кәсіпорын – оқу орны» байланысы, жұмысқа орналасу мәселелері талқыланады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АҚДМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов мәлімдеді.

Оқу бітірген жастар жұмысқа қалай орналасады?

Ол жастарға арналған бағдарламаларды мысалға келтіріп өтті «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты». Бұл жұмыс берушілерді ЖОО және колледж түлектерін штатқа тәжірибесіз қабылдауға ынталандыратын биылғы жылғы жаңашылдықтар.

«Еңбек нарығында сұранысқа ие 100 мамандықтың тізімі бар. Мемлекет тапсырысты анықтайды. Еңбек нарығында қандай мамандықтар қажет екендігін, қандай болмасын саладағы қажеттіліктерге қарайды. Оқу орны осы салаларға назар аударады. Бұл тандемнің нәтижесі бар, тек түзетулер енгізу керек», - деп атап өтті спикер.