22 Қараша, 2013

Ақпараттар ағыны

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда биыл 396 мың гектар алқапқа күздік бидай себілді. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мұның жоспардағы көлемнің 76 пайызын құрайтынын айта келіп, тағы жердің 66 пайызының сүдігері көтерілгенін жеткізді.

 

Қазақстанда биыл 396 мың гектар алқапқа күздік бидай себілді. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мұның жоспардағы көлемнің 76 пайызын құрайтынын айта келіп, тағы жердің 66 пайызының сүдігері көтерілгенін жеткізді.

Енді балық шаруашылығы «жасыл экономика» шеңберінде дамиды. Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың айтуынша, оның аясында су және тұрмыстық қалдықтарды игеру бағдарламалары қабылданады.

Қазіргі заман әдебиетінен 69 кітап қазақ тіліне аударылады. Астанада қазақ тіліне аудару үшін өзекті кітаптарды анықтау байқауының сараптық кеңесі осынша туындыны таңдады. Ол бұдан әрі аударылатын тағы 100 кітаптың тізімін бекітті.

Кеше Шымкентте тоқыма кластерінің мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел болды. Онда өңірдегі тоқыма өнеркәсібінің Кедендік одақ шеңберінде даму келешегінің шарттары, аймақтық тоқыма кластерінің құрылу тұжырымдамасының іске асырылуы жайы талқыланды.

Павлодар мемлекеттік университетінде Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің 155 жылдық мерейтойы атап өтілді. Ол негізінен «Мәшһүр-Жүсіп феномені – бейбітшілік адамы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция түрінде өрбіді.

Қызылордада танымал кинорежиссер Сұлтан Қожықовтың туғанына 90 жыл толуына арналған кеш болды. «Қазақ киносының Сұлтаны» деген атпен өткен шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен белгілі қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев қатысып, өнер тарланы туралы ойларын ортаға салды. Бұдан бөлек, Қазақстан халық әртістері Тұңғышбай Жаманқұлов, Құман Тастанбеков, еңбек сіңірген әртіс Меруерт Өтекешова естелік айтты.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Nur.kz, Bnews.kz,

TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар