Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған тақырыптық 10 күндік шырайлы Шығыс өңірінде басталып кетті. Бұл туралы облыстық ақпараттық орталығында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар жария еткен еді.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған тақырыптық 10 күндік шырайлы Шығыс өңірінде басталып кетті. Бұл туралы облыстық ақпараттық орталығында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар жария еткен еді.
– Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні биыл екінші рет аталып өтеді. Осы орайда өңір тұрғындарының жүрегіне жол табатын 600-ден асатын іс-шаралар аудан және қалаларда кең көлемде ұйымдастырылатын болады. Оның алғашқысы 20 қарашада Шемонаиха қаласында мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен өтіп, оған тіл жанашыры Асылы Османова, түрлі деңгейдегі депутаттар келді.
Тұңғыш Президент күні жаңа пішінде өткізіліп, балалар үйлері мен мектептерде, балабақшаларда Мемлекет басшысы туралы фильмдер көрсетіледі, бүлдіршіндердің Елбасы туралы мазмұнды мағлұматтар алуына баса назар аударылады. Бұдан кейін тағылымы мол шараларға өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қатысып, сонау нарықтың өтпелі кезеңінде Кенді Алтайдағы ірі кәсіпорындарға Елбасының тікелей жасаған қамқорлығы жөнінде әңгімелеп береді деп күтілуде.
«Назарбаев университетіне» биыл өңірден талантты 45 жас оқуға түскен, бұл ретте жоғары білім ордаларының ұстаздарымен, «Туған ел – алтын бесігім» акциясы аясында Шығыстан шыққан атақты спортшылармен және меценаттармен, кәсіпкерлермен облыс орталығында кездесулер өткізілмек. Тұңғыш Президент күнін ел есінде қалатындай мазмұнды да мәнді ұйымдастыру арқылы Қазақстанның тәуелсіздік алған 22 жылында жеткен белестері мен биіктері жан-жақты көрініс таппақ.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.