Руханият • 06 Қараша, 2020

Антонюктің «Анасы»

165 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сурет өнерінің ерекшелігі де сол, кейде айтар ойыңды бояу­лар тілінде баяндаған кескіндемешілердің шеберлігіне еріксіз тәнті боласың. Бұрынғы Целиноград, қазіргі Қараөткел, еліміздің еңселі астанасында жазылған мына бір тамаша туындыны көргенде біз осыны ойладық.

Антонюктің «Анасы»

Танымал суреші-мо­нументалист Михаил Антонюктің кескіндемелік мұ­раларының арасындағы «Заманалар жалғастығы» деген бұл картинаның қасынан ешкім бей-жай өтіп кетпеуі керек дер едік. Тұтас ұлттың трагедиясын кейуана көздерімен айтудың өзі азаматтық берік ұстанымды аңғартады. Су­ретшіге сүйсінбеске шара жоқ. Кескіндеме тарихын біл­генде алаш тағдырының ақтаңдақ жылдарын ашық көрсеткен өнер иесіне тағы разы болдық.

ХХ ғасырдың 30-шы жыл­дары жаппай қырылған қазақ трагедиясы қандай шығармашылық иесін болсын қасірет шектірмей қой­майды. Бұл қылқалам шебері де аталған апатты өзінің шығармашылық зертханасында айналып өтпепті. Өтпеуіне және ең үлкен себеп – суреттегі кейіпкер кейуананы автор жеке таныған. Кескіндемеде көрініп тұр­ғандай, бұл ананың көзіндегі кісі шошырлық үрейдің ар жағында ашаршылық жылдары өзінің балалары мен жақындарын жоғалтқан қа­лың қайғы жатыр. Қыл­қалам шеберін бұл тақсырет қатты қинайды. Алайда қарт ана жүрегіндегі ыс­тық мейірім кейін көрші ауылдағы жетім қалған балаларды қам­қорлығына алып, аштан өлуден сақ-
­тап қалыпты. Қарт ана әжімдеріндегі қасірет табымен суретші осы оқиғаны айт­қысы келген. Қайғы мен көз жасынан бозарып кеткен көздерде күллі қа­зақ халқының мұңы мен за­рының терең арнасы бар. Суретші алдыңғы планға ауыр ең­бектен еті қашқан, тарамыс үлкен қолды әдейі шығарған.

Антонюк бұл арқылы осы қолдар бесікті де тербетті, бейнетті де көтерді, осы қолдар жетім-жесірлердің маңдайларынан да сипады, қаралы хаттарды да ашты, осы қолдар бір үзім нанды да екіге бөлді, осы қолдар бізді бүгінге де жеткізді деп тұрғандай.

Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20