Қоғам • 06 Қараша, 2020

Жатақханалардың жайын тексерді

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жатақхана жайлы болса, білім қуған жастардың пәтер жалдап, ата-ананың ақшасын бекер шашпасы белгілі. Бұл бағытта Арқа төсіндегі альма-матерлердің соңғы жылдары қолға алған жобаларының сәтті болып жатқанын айта кеткен жөн.

Жатақханалардың жайын тексерді

Таяуда Jas Otan Жастар қанаты Қарағанды облыстық филиа­лының белсенді мү­шелері Қарағанды меди­цина­лық университетінің, академик Е.Бөкетов атындағы Қара­ғанды уни­верситетінің жә­не Қазтұтынуодағының эко­но­ми­калық университетінің сту­денттері тұратын жа­тақхана­лар­дың жағдайымен танысты.

Қарағандылық жасотаншы­лардың жетекшісі Ержан Хамитов рейд жасардың алдында атал­ған жо­ғары оқу орындарының басшыларына ха­бардар еткендерін айтады.

– Біз жатақханалардың жай-күйімен танысып, жастардың қа­лай өмір сүріп жатқанын көрдік. Олар­­ды қандай мәселелердің маза­лай­­тынын сұрап білдік. Мони­то­ринг нәтижелері бойынша жа­тақ­ханалардағы жағдай оқу орын­да­ры­ның басшыларына баяндалды, – деді ол.

Мониторинг барысында ЖОО басшы­ларының студенттердің тұрмысына ерекше назар ауда­ра бастағандары байқалған. Мысалы, рейд жүр­гізілген жатақханалардың басым бөлігінде студенттердің тұр­мыс­тық жағдайы жақ­сы дең­гейде болып шыққан.

Jas Otan Жастар қанаты Қара­ғанды облыс­тық филиалының бел­­сенді мүшелерінен құ­ралған мобиль­ді топ алдағы уақытта об­лыс­тың жатақханаларына түгел рейд жүргізіп, сту­денттердің тұр­мыс­тық жағдайымен тереңірек танысу­ды жоспарлап отыр.

 

ҚАРАҒАНДЫ