Қоғам • 06 Қараша, 2020

Карантин тәртібін мобильді топтар қадағалауда

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін мобильді топтар ұдайы рейд жүргізіп, карантин талаптарының сақталуын қадағалап жатыр.

Карантин тәртібін мобильді топтар қадағалауда

Ережелерді елемей­тін­дерді полиция қыз­мет­кер­лері, еріктілер, тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бас­қармасы өкілдері, аудан әкімдіктері анықтайды. Ка­рант­ин кезінде белгіленген жұмыс кестесі мен қауіпсіздік ережелерін сақтамау әлі де жиі кездеседі.

Кезекті рейд барысында мобильді топ 4 қараша күні сағат 01:36-да жұмыс істеп тұрған Tequila барын анық­та­ды. Барға 30 адам келген.

Сондай-ақ Flash компьютер клу­бында антисептик, дене температурасын өлшеуге арналған термометр және де­зин­­фекциялық тө­се­ніш бол­мады. Бұдан басқа да заң­бұзу­шы­лықтар анық­тал­ған.

Жиналған материалдар процес­суалдық шешім қа­был­дау үшін тауарлар мен қызметтер сапасы мен қа­уіп­сіздігін бақылау бас­қар­ма­сы­на жіберілді.

Бұған дейін хабарлан­ған­дай, 1 қарашадағы жағдай бойынша аудандық полиция басқармаларынан 1 700-ден астам материал түскен. 800-ге жуық жеке және заң­ды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.