Қоғам • 06 Қараша, 2020

Жануарларға жақсылық жасады

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көмекке тек адамдар ғана емес, жан-жануарлар да мұқтаж бо­­ла­ды. Үйсіз-күйсіз, аш жүрген жануарларға қоршаған орта­дан төнетін қауіп те аз емес. Осы ретте Маңғыстау облы­сын­­­да «Көмек қолы» акциясы қайырымды іске бастамашы бо­­­­лып жатыр.

Жануарларға жақсылық жасады

Ақтау қалалық пробация қыз­метінің қызметкерлері «Біз адам­дармыз – біз біргеміз» қо­ғам­дық қорымен және Қазақс­тан еріктілері лигасымен бір­лесіп, «Шанс» қоғамдық қоры­ның жануарларды уақытша ұс­­тау орталығында кезекті сен­бі­лік өткізді.

– Қала еріктілері, пробация қызметкерлері әлеуметтік жұ­мыстың әртүрлі бағыттары бойынша тұрақты түрде қоғам­дық іс-шараларға белсенді қа­тысады. Мәселен, Ақтау қала­лық пробация қызметінің есе­бін­де тұрған сотталғандар иттерге арналған үйшік дайындап, қоғамдық қорға табыс­та­ды және тағы бір үйшік дайын­да­луда. Сондай-ақ пробация қыз­меткерлері қақпалар мен жан­уарлардың жарамсыз қор­шау­ларын дәнекерледі. Ал «Біз адамдармыз – біз біргеміз», «Қа­зақстан еріктілер лигасы» қоғамдық қорларының еріктілері ағаш үйшіктерді жөн­деп, аумақты тазалады және жануарларға жылулық сый­лау­дың озық үлгісін көрсетті. Еріктілер жылы қоғамдағы түр­лі салаларға қозғау салды және келесі жылы құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам одан әрі тығыз байланыс­ты ны­ғай­тады деген үміттеміз, – дей­ді Маңғыстау облысы бо­­­йынша ҚАЖ департаменті пробация қызметінің бастығы Ғабит Чутабеков.

Ел арасында еселі еңбек етіп жүрген еріктілердің жан-жан­уар­ларға жақсылық жасауы бұл іс­термен шектеліп қалмайды және пробация қызметкерлері де бұл ізгі шаралардан тыс қал­мақ емес.

 

Маңғыстау облысы