Аймақтар • 06 Қараша, 2020

Елордада есірткі жеткізумен айналысқан екі есірткі тобының жолы кесілді

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 маусымнан бастап 31 қазанға дейінгі аралықта “Қарасора-2020” Республикалық жедел-алдын алу шарасын өткізу шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған жұмыс қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада есірткі жеткізумен айналысқан екі есірткі тобының жолы кесілді

Операциялық жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 31 қазанына дейінгі аралықта елорда аумағында “Қарасора-2020” жедел алдын алу шарасы өткізілді.

ЖПШ шеңберінде есірткі құралының заңсыз айналымымен айналысатын адамдардың іс–әрекетін анықтауға және жолын кесуге бағытталған мақсатты жұмыс жүргізілді. Бес ай бойы ЖПШ өткізу кезеңінде есірткі құралының заңсыз айналымымен байланысты 500 факті анықталды. Оның ішінде 50 есірткі қылмысы (14 факті есірткі өткізу), 450 қылмыстық есірткі қылмысы.

Елорда аумағында есірткі өткізумен және жеткізумен айналысқан екі тұрақты есірткі тобының әрекетінің жолы кесілді, бір есірткі әзірлейтін зертхана жойылды.

Арнайы операцияларды өткізу нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында заңсыз айналымнан 186 кг 520 грамм әртүрлі есірткі құралы, оның ішінде: 245 грамм “героин” және 1 кг 70 грамм ‘синтетикалық есірткі” тәркіленді. Ұсталған есірткі дилерлері жоғарыда көрсетілген есірткіні елорда аумағында өткізбек болған.