Қазақстан • 06 Қараша, 2020

Шетелден келген 34 жолаушы карантинге жіберілді

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қараша айының 5-нен 6-на қараған түні елорданың әуежайына Air Astana, Belavia, Turkish Airlines әуе компаниялары орындаған 4 рейс келіп қонды. Ол ұшақтармен 529 жолаушы келіп жеткенімен, 34-нің ПТР тест анықтамасы болмаған, - деп хабарлайды Egemen.kz

Шетелден келген 34 жолаушы карантинге жіберілді

ПТР тестіден коронавирус жұқтырмағаны анықталса 34 жолаушы үйіне қайтарылады. Ал індетке шалдыққаны белгілі болса олар инфекциялық стационарға жөнелтіледі.

"Сағат 05.54 кезінде елорданың әуежайына ұшып келген ұшақтың жолаушылары "ең тәртіпті" рейс болып отыр. Ыстанбұл-Нұр-Сұлтан рейсімен келген 104 жолаушының бәрінде коронавирус жұқтырмағаны туралы ПТР тест анықтамасы болған", деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметінен.