22 Қараша, 2013

Тапсырма іске асуымен құнды

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми республиканың судьялар корпусымен кеңейтілген кеңес өткізді. Онда жақында өткен Судьялардың VI съезінің нәтижесі талқыланып, осы форумда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған тапсырмаларын іске асыру үшін нақты міндеттер жүктелді.

 

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми республиканың судьялар корпусымен кеңейтілген кеңес өткізді. Онда жақында өткен Судьялардың VI съезінің нәтижесі талқыланып, осы форумда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған тапсырмаларын іске асыру үшін нақты міндеттер жүктелді.

Атап айтқанда, Қ. Мәми сот төрелігін сабақтастыра отырып жаңғыртуға кірісу, сот ісін жүргізуде ақпа­раттық технологияларды қолдануды күшейту және бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас жасауды жақсарту сынды тапсырмалар берді.

Сонымен бірге, Мемлекет басшы­сының съезде сөйлеген сөзінде айтылған судьялардың санын көбейту есебінен олардың жүктемесін азайтуға тапсырмалар межеленді.

Жоғарғы Сот Төрағасының алға қойған жекелеген тапсырмалары сот жүйесінің имиджін арттыруға, сот қателіктерін болдырмауға, адамдар­ды әуре-сарсаңға салмауға және төрешілдіктен арылуға бағытталған.

Қ. Мәми дауларды шешудің баламалы әдістерін енгізуге және жанжалдарды соттан тыс реттеу институттарын дамытуға баса назар аударды. Осыған байланысты Президенттің нұсқауына сәйкес медиация туралы отандық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру тапсырылды.

Бұған қоса, Төраға жоғары сот сатысына судья­лардың біліктілігін арттыру және еліміздің соттарында кадр саясатын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Кеңейтілген кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының судьялардың VI съезінде белгілеген міндеттерін іске асыру жоспары дайындалды. Әрбір тармақ бойынша жауапты адамдар бекітілді. Қ.Мәми тапсырманың орындалу барысын ерекше бақылауға алды, деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар