Салтанатты іс-шараға Қазақстан Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов, Грузия Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Хвтисиашвили, Квемо-Картли өңірінің губернаторы Шота Рехвиашвили, Рустави қаласының мэрі Ираклий Табагуа, сондай-ақ жергілікті қоғамдық-саяси және іскерлік топтардың өкілдері қатысты.
Рәсімді ашқан Б. Мұхаметжанов Грузияның қызықты экономикалық, мәдени, туристік аймақтарының бірінде Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылуы екі елдің дәстүрлі достық пен өзара сенім рухындағы ынтымақтастығының дамуын айғақтайтынын атап өтті. Тәуелсіздік жылдары ішінде екі мемлекет қарым-қатынастардың қалыптасу кезеңінен сәтті өтіп, уағдаластықтарды нақты мазмұнмен және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын іздестірумен толықтыра отырып, жаңа сапалы деңгейге шықты.
Рустави қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулы Георгий Джахуташвили өз сөзінде жаңа кеңсе екі ел арасындағы экономикалық, мәдени, спорттық, білім беру байланыстарын дамытуға толық көмек көрсететініне сендірді. Оның айтуынша, еліміздің азаматтары мен заңды тұлғалары өз құқықтары мен мүдделерін қорғауда, сондай-ақ қиын жағдайларға түскен кезде, әсіресе орын алып жатқан COVID-19 пандемиясы мен карантиндік шектеулер кезінде көмек ала алады.
Құрметті консулдық қазіргі Қазақстанға қызығушылық танытқан грузин азаматтары үшін жаңа ақпараттық орталыққа айналуы тиіс.