Руханият • 06 Қараша, 2020

Алматыдағы Өнер орталықтарында мұқтаж отбасылардың балалары тегін оқиды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында халықты жұмыспен қамту шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыдағы Өнер орталықтарында мұқтаж отбасылардың балалары тегін оқиды

"Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша ЖҚЖК аясында іскерлік белсенділікті және жұмыспен қамтуды қолдау үшін 32 жоба анықталды, оның ішінде 27 жоба іске асырылды, бизнесті ынталандырудан басқа бұл 785 жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етті", деп атап өтті Б.Дәндібаев.

Сондай-ақ, ауданда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Инвесторлардың қолдауымен "Jas tolqyn" өнер орталығы ашылды. Орталықта жылына 500 баланы домбыра, гитара, фортепиано, вокал, кескіндеме және т.б. үйірмелерімен тәрбиелеу жоспарлануда. Орталықта халықтың әлеуметтік сезімтал санаттарынан 10 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды тегін оқытатын болады (Мекенжайы: Наурызбай ауданы, Қалқаман шағын ауданы, Ер Жәнібек көшесі 4/1; байланыс нөмірі: 8 707 592 00 19; Жұмыс күндері: дүйсенбіден сенбіге дейін 9:00-ден 12: 30-ға дейін; 13:00-ден 16: 00-ге дейін).

"Social Music Center" шығармашылық орталығында домбыра, фортепиано, шахмат, тоғызқұмалақ, қолөнер үйірмелерімен жылына 300 баланы қамту жоспарлануда. Орталық халықтың әлеуметтік сезімтал санаттарынан 5 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды тегін оқытатын болады.