Аймақтар • 07 Қараша, 2020

Атырауда журналистерге «Халық алғысы» медалі табысталды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қауіпті індетпен күреске үлес қосқандар арасында БАҚ өкілдері де бар. Облыс әкімінің орынбасары Бақтыгүл Хаменова бір топ журналистке «Халық алғысы» медалін тапсырды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда журналистерге «Халық алғысы» медалі табысталды

«Коронавирус инфекциясымен күресте дәрігерлер, тәртіп сақшылары, төтенше жағдай қызметінің өкілдері жанқиярлықтың үлгісін көрсетті. Олардың жұмысы туралы БАҚ өкілдері ақпарат таратты. Көптеген журналист қауіпті індетпен күрестің алғы шебіне, яғни, емдеу мекемелеріне барып, атқарылып жатқан шаралар туралы репортаждар жүргізді» деді Бақтыгүл Хаменова.

«Халық алғысы» медалімен марапатталғандардың арасында «Атырау-Ақпарат» ЖШС  директорының орынбасары Серік Қабдолов, «Хабар24» арнасының Атырау облысындағы меншікті тілшісі Әлия Жамитова, Аtr.kz сайтының бас редакторы Баян Жанұзақова, «Ақжайық» газетінің тілшісі Зүлфия Искалиева, «Атамекен бизнес» арнасының Атырау облысындағы меншікті тілшісі Динара Бағытова, «Caspian NEWS» арнасының редакторы  Карина Дуржанова, Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің фототілшісі Расул Серіков, «Aтырау» телеарнасының редакторы Жұлдыз Тілеухан мен М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма теарының қоюшы режиссеры Жанат Телтаев бар.