«Атырау қаласында патрульдік полицейлер «ВАЗ-2114» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде Ресей Федерациясында тіркелген жеңіл көліктің алдыңғы жағына тағылған мемлекеттік белгінің әріптік символдары өзгертілгені анықталды. Көлік құралы арнаулы айып тұрағына қойылды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұсталған жүргізушінің жасы 38-де екен. Оның мұндай әрекетке неге барғаны әзірге белгісіз. Өйткені, полицейлер оның бұл әрекетінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.