Кеше резерват аумағында 40 суқұзғынның, сондай-ақ, 5 шағаланың өлгені анықталды. Әзірге құстардың қырылу себебі белгісіз болып отыр.
"Өлген құстардан биоматериалдар алынып, ветеринария саласындағы ұлттық референт орталығына жіберілді. Облыстық экология департаментінің мамандары резерват аумағындағы су мен топырақтан, ауадан сынама алды. Енді сынамаларға талдау жүргізіледі", деп хабарлады облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының баспасөз қызметі.