22 Қараша, 2013

Делдалсыз сауда

961 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-мангыстау-кормеЖуырда ғана Астана қаласында болып, жәрмеңкеде елордалық тұрғындарға Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынған кәсіпкерлер осы үрдісті Ақтауда жалғастырды.

01-мангыстау-корме

Жуырда ғана Астана қаласында болып, жәрмеңкеде елордалық тұрғындарға Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынған кәсіпкерлер осы үрдісті Ақтауда жалғастырды.

Ауыл шаруашылығы қыз­мет­керлері күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге облыстың аудан, қалаларынан 50-ден астам кәсіпкер қатысты. Арада ешқандай делдалсыз, әркімнің өзіне қажетті өнімді өндіруші қолынан тікелей сатып алуына мүмкіндігі бар, яғни, екі жақ үшін де пайдалы болғандықтан, өнім бағасы әдеттегіден 10-15 пайызға арзан болды. Жәрмеңке сөрелеріне қой, сиыр, түйе еттері, жұмыртқа, сүт өнімдері, бақша дақылдары мен жеміс-жидектердің мол түрі топтасты.

Маңғыстау облыстық әкім­дігінің қолдауымен жәрмеңкені ұйымдастырған «Каспий ӘКК» ҰК» АҚ қаладағы тұрмысы төмен, сондай-ақ, жәрмеңкеге келу мүмкіндігі жоқ мүгедек жандардың үйлеріне азық-түліктерді жеткізіп берді. Бұл қайырымдылық шарасына жәрмеңкеге қатысушы кәсіпкерлердің барлығы атсалысып, мүжәлсіз отбасыларға өз сәлемдемелерін жолдады.

Жәрмеңкеде аталмыш саланың дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталып, облыс өнерпаздары концерт қойды. Сонымен қатар, «Ең жас сатушы», «Ең көп сатылым», «Үздік тауар түрлері» номинациялары бойынша анықталған жүлдегерлерге естелік сыйлықтар табысталды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.

Соңғы жаңалықтар