Экономика • 09 Қараша, 2020

Ортақ биржалық кеңістік құрылады

290 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасы аталған одақтың аясында ортақ биржалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жол картасын бекітті.

Ортақ биржалық кеңістік құрылады

Ортақ биржалық кеңістік одақ елдерінің ұйымдасқан нарықтарында бағалы қағаздар мен қаржы құралдары арқылы биржалық сауданың келісілген рәсімдері және технология­лар негізінде өзара біріктіріліп, байланыстырылған жүйе ретін­де құрылады. Сондай-ақ комис­сия мүшелері ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын да­мы­туға ықпал ететіне сенімді.

«ЕАЭО шеңберіндегі ортақ биржалық кеңістік капитал­дың еркін қозғалысын қалып­тас­тыруға, қордың сапасын арт­тыруға, халықтың инвести­циялық және жинақ мүмкін­дік­терін кеңейтуге, сондай-ақ трансшекаралық операция­лардың жүргізу тетіктерін құруға мүмкіндік береді. Жол кар­тасын іске асыру нәтижесін­де мүше мемлекеттер эмитент­тері­­нің трансшекаралық бел­сенді­лігі артып, биржалық сау­даға қатысушылардың өзара іс-қимылы кеңейтіліп қана қой­май, инвесторлардың ЕАЭО-ның қаржы нарықтарына сенімі артады», деді Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі Тимур Жақсылықов.

Жол картасы бірқатар халық­­аралық шарт негізінде әзір­лен­ген. Атап айтқанда, мү­ше мем­лекеттердің брокер­лері мен ди­лер­леріне одақ­тық мем­лекеттер бир­­жаларының сауда-сатты­ғына қаты­суға рұқ­сат беру, мүше мемлекет­тер­дің бир­жаларына бағалы қағаз­дар­ды шығаруды қамтамасыз ету, ақпаратты берудің біріз­ден­­дірілген форматтары мен арна­лары бойынша электрон­ды өзара іс-қимылды, корпо­ра­ти­в­тік және қаржылық ақпа­рат­ты ашудың бірлескен жүйесін құру, бағалы қағаздар нарығындағы теріс әрекеттерді алдын алып, инвесторлардың құқығын қорғауды, сондай-ақ біріктірілген есеп айырысу депозитарлық кластерді және клирингтік жүйені құруды қарастырады.

Одақтың ортақ биржалық кеңістігі қаржы нарықтарының инвестициялық тартымдылығын арттырып, мүше мемлекеттер­дің ұлттық экономикаларына қосым­ша ресурстар тартуға жол ашады дейді комиссия алқасы.

Құжатты Еуразиялық эко­но­микалық одақтың ортақ Қар­жы нарығын қалыптастыру тұ­жы­рымдамасы шеңберінде Еура­зиялық экономикалық ко­мис­сия­ның қаржы саясаты депа­рта­менті ЕАЭО елдерінің уәкілетті ор­г­ан­дарымен бірлесіп дайындаған.

Алқалы отырыста Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы Еура­зиялық экономикалық одақ­тың (ЕАЭО) техникалық регла­менті­нің күшіне ену мерзімін 2022 жылға дейін ұзартуға ше­шім қабылдады. Бұл туралы ЕЭК Алқасы төрағасының көмекшісі Ия Малкина Facebook-тегі парақшасында айтты.

«ЕЭК Алқасы ЕАЭО-ның «Алкоголь өнімінің қауіпсіз­дігі туралы» техникалық регла­ментінің күшіне ену мерзімін 2022 жылғы 1 қаңтарға ауыстырды. Бұл техникалық регламентке өзгерістерді дайындау үшін қажет», дейді И.Малкина.

Техникалық регламент ЕАЭО елдерінде алкоголь өнім­­де­рін өндіру, тасымалдау, сақ­­тау және өткізу бойынша бірың­ғай талаптарды белгілейді. Осы­ған дейін оны 2021 жылы қабыл­данады деп жоспарланған еді.