22 Қараша, 2013

Спорт саласына жаңа басшы тағайындалды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-11-13-tastanbek esentaev-1

Бүгін, 22 қараша күні Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне төраға болып Тастанбек Есентаев тағайындалды. Бұл лауазымды бұрын атқарған Ерлан Қожағапанов басқа жұмысқа ауысына байланысты орынан босатылды. Бұл туралы Egemennews тілшісі хабарлады.

Т.Есентаев еңбек жолын 1977 жылы бастаған. 1978–1985 жылдары Кеңес Одағы арамиясында әскери борышын өтеп, жоғары оқу орындарында оқыды. 1985–1995 жылдары орыс тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту және әскери-дене шынықтыру дайындығына арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттың оқытушысы мен командир-тәрбиелеуші,1995–2002 жылдары Қарағанды облыстық туризм және спорт комитетінің жекпе-жек түрлері бойынша балалар және жасөспірімдерге арналған мектеп пен «Астам» спорттық кәсіпқой клубының кикбоксинг және тай боксынан жаттықтырушысы, 2002–2009 жылдары облыстық жоғары спорттық шеберлік және жастар істері, туризм және спорт комитетінің директоры, 2009–2012 жылдары «Қарағанды облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ бастығының орынбасары, бастығы қызметін атқарды. 2012 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында Туризм және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы, сәуір айынан бастап  Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі жоғары жетістіктегі спорт және спорттық резерв департаментінің директоры болып қызмет етті.

Т.Есентаев 2013 жылдың наурыз айынан жаңа тағайындауға дейін Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Мәнбе: Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар