Копенгагенде орналасқан жұқпалы ауруларды зерттеумен айналысатын Statens Serum институты вирустың антиденелерге төтеп бере алатынын анықтаған. Оны мамандар күзендерден табылған бес жағдайда және олардан адамға жұққан 12 жағдайда байқаған. Ал бұл вакцинаның тиімділігін жоққа шығаруы мүмкін екен. Сол себепті Дания елдегі барлық 17 млн күзенді қырып тастау туралы шешім шығарған. Зерттеу жұмыстары аяқталғанына қарамастан, Дания билігі тұрғындардың қауіпсіздігін қатерге қоя алмаймыз деп отыр. Бұл жағдай бойынша Дания ДДҰ-мен бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал Ұлыбритания болса даниялықтарды елге кіргізбейтінін хабарлады.