22 Қараша, 2013

Украина Еуропа Одағымен келісімшартқа отырмауы мүмкін

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 11 - UkrainaУкраина Еуропа Одағымен қауымдастық құру жөніндегі келісімшартты бекіту жұмыстарын тоқтатты. Бұл туралы Utro.ru хабарлады.

Киев мұндай әрекетін Ресей және ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасты дамыту керектігімен түсіндірді. Жақын арада Украина Ресей мен Еуропа Одағына сауда мен экономикалық қарым-қатынас мәселелерін қарастыратын үшжақты комиссия құруға ұсыныс білдірмек. Сондай-ақ Украинаның министрлер кабинеті Кедендік одақ пен ТМД елдерімен экономикалық байланыс жүргізу жөніндегі диалогты жаңартуды көздеп отыр.

Бұдан бұрын Ресей бірнеше рет Украинаға Еуропа Одағымен қауымдастық және еркін сауда аймағын құру жөнінде келісімге қол қойған жағдайда, екі ел арасындағы әріптестік тәртіп тоқтайтынын ескерткен болатын. «Біз достық қарым-қатынаста қала береміз, сауда-саттығымыз да жалғаса береді, алайда, бұл сауда-саттықтың шектеулері болады», – деп мәлімдеген еді қыркүйек айының соңында РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев.

Korrespondent.net сайтының ақпары бойынша, Киев Еуропа Одағымен қауымдастық жөніндегі келісімшартқа қол қоятын соңғы мүмкіндіктердің бірін жіберіп алды.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Utro.ru

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40

60 отбасының қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ата заң жобасы сараланды

Саясат • Бүгін, 08:22