Қазақстан • 09 Қараша, 2020

Қазақстанның судьялар корпусындағы әйелдердің үлесі қанша

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Балгүл Раисова Қазақстанның судьялар корпусындағы әйелдердің үлесі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның судьялар корпусындағы әйелдердің үлесі қанша

"Қазіргі статистикаға тоқталсақ, судья қоғамдастығы арасында гендерлік құрамдас бойынша Қазақстанда судьялардың 51 пайызын нәзік жандар қамтып тұр", деді Б. Раисова онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, судьяларды іріктеу кезінде комиссия бірінші кезекте кәсіби дағды мен біліктілікті назарға алады. Бұдан бұрын хабарланғандай, Жоғары Сот Кеңесі бірқатар судья лауазымдарына конкурстық іріктеуді аяқтады.

Атап айтқанда, Жоғарғы Соттың 2 судьясы, аудандық соттың 1 төрағасы, облыстық соттың 1 судьясы, аудандық соттардың 40 судьясы лауазымдарына жарияланған конкурс қорытындыланды.

Құжат тапсырғандар санына тоқталсақ, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына 17 адам, аудандық соттардың судьясы лауазымына 274 адам, Алматы қалалық сотының судьясы лауазымына 49 адам қатысты. Жалпы, конкурста 342 адам қамтылды.