Аймақтар • 09 Қараша, 2020

Амандық Баталов: Жыл соңына дейін сервистік әкімдіктер барлық ауданда ашылады

349 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған Ақпараттық ағарту штабының мүшелері облыс әкімдігінде болып, өңір активімен кездесті. Онлайн-форматта өткен жиынға облыс әкімі облыс әкімі Амандық Баталов төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Амандық Баталов: Жыл соңына дейін сервистік әкімдіктер барлық ауданда ашылады

Жиында Агенттіктің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер туралы кеңінен шолу жасады. Сол сияқты Алматы облысының сервистік әкімдік, ашық бюджеттің интерактивті картасы, Open space форматында жұмыс істеу бағыттарындағы аяқ алысы туралы қысқаша айтып өтті. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру қажеттігін айтты.

Сол сияқты Агенттіктің Ақпараттық – ағартушылық штабының төрайымы Ырза Тұрсынзада сөз алып, жемқорлық дертінің алдын алу, азаматтық ұстанымның рөлі, отаншылдық қасиетті шыңдау жайлы сөз қозғады.

Жиын соңында облыс әкімі Амандық Баталов облыста мемлекеттік қызметтің ашықтығын, қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып өтіп:

- Жыл соңына дейін сервистік әкімдіктер барлық ауданда ашылады. Бүгінгі күнге 16 ауда-қалада бар. Қалған аудан әкімдері, осы істі жақын арада шешіңіздер. Ашық бюджеттің интерактивті картасы бойынша да ашықтықты толық қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар. Ол бойынша да жұмыс жасалып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз және әділ жүргізілуі тиіс. Сонда ғана біз алға қойылған мақсаттарға қол жеткіземіз. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмысты нәтижелі атқару - баршамызға жүктелетін жауапты міндет, деді сөзін қорытындылап