Аймақтар • 09 Қараша, 2020

Шымкенттегі шалғай елдімекендер инфрақұрылыммен жыл соңына дейін толық қамтылады

318 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әл-Фараби ауданына шалғай орналасқан елді мекен - «Бадам» тұрғын алабы(195 орам) мен «Сәуле» шағын ауданы, «Бадам» тұрғын алабын электр жарығымен қамту үшін биыл 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкенттегі шалғай елдімекендер инфрақұрылыммен жыл соңына дейін толық қамтылады

Бұл жөнінде Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов ауданның 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баспасөз брифингінде мәлімдеді. Бұл жөнінде Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов ауданның 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баспасөз брифингінде мәлімдеді. 

Ғабит Патшаханұлының сөзінше тұрғын алабты ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмысын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. 

Табиғи газбен қамту үшін 286,4 млн.теңгеге жобалық жұмыс қаралған. Осы  жылы бюджеттен 50 млн. теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмысын мердігер мекеме «Комби Строй 1» ЖШС келісім-шартқа сәйкес, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр, деді ол.

Сонымен қатар, аудан әкімі Сәуле шағынауданын(276 орам) биыл инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін, жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу мақсатында, «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС келісім-шарт түзілгенін тілге тиек етті. 

Аталған нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. 

- 276 орамды сапалы электрмен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер тарапынан 25 бағана, 2 шақырым сым және қуаттылығы 160 кВт көтеретін трансформатор орнатылып, 150 жуық жеке тұрғын үйге электр қуатымен қамтылды, деді аудан басшысы.

Бұдан бөлек, сапалы ауыз сумен қамтуда демеушілер тарапынан 350 метргесу құбырының қазба жұмысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.