Аймақтар • 09 Қараша, 2020

Шымкентте қаулы ережелерін елемеген түнгі клуб анықталды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте карантин кезінде жұмысын тоқтатпаған түнгі клуб анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте қаулы ережелерін елемеген түнгі клуб анықталды

Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша кәсіптік нысандарда карантин режимінің сақталуын бақылауға алу мақсатында мобильдік топ құрылған. Жасақталған сала өкілдері тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді.

Бірлескен топ өкілдері 8 қараша күні Асқарова көшесі бойында орналасқан “Москва” түнгі клубы түнгі сағат 01:30 шамасында өзінің жұмысын тоқтатпағанын анықтаған. Шымкент қаласы бас санитарлық дәрігердің қаулысын сақтамағаны үшін мекеме иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен шара көру үшін Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтері сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.