Қоғам • 09 Қараша, 2020

Елбасы қоры 850 мың адамға көмек көрсетті

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Жаңа жағдайдағы жастар: Іс-қимыл кезеңі" атты онлайн форумда Елбасы қорының 850 мың адамға көмек көрсеткені туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елбасы қоры 850 мың адамға көмек көрсетті

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры, Қазақстан жастары конгресі Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева айтып өтті.

"Осы жолы форум бейнеконференция форматында өтуде. Ешбір техникалық прогресс жеке қауышып, қол алысып қарым-қатынас жасаудың баға жетпес мүмкіндігіне жетпейді. Барлығымыз бір-бірімізді сағынамыз және эпидемияны жеңіп, өмірімз бұрынғы қалпына қайта оралатынына сенімдіміз. Биылғы жыл еліміз үшін және әрбіреуіміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Пандемияның қара бұлты адамдардың денсаулығына нұқсан келтіріп, өмірлерін қиып, әлемге қауіп-қатер төндірді", деді Кеңес Төрайымы.

Осы ретте Дариға Назарбаева жақындарынан айырылған адамдарға жылы лебізін жеткізіп, көңіл айтты.