Оның айтуынша, қазақстандық жоғары оқу орындары студентке клиент ретінде қарайды. Шын мәнісінде, университеттің клиенті студент емес – жұмыс беруші. Өйткені нарықта жұмыс берушіге сапалы білім алып шыққан, бәсекеге қабілетті мамандар қажет.
"Менің ойымша, жоғары білімбизнеске айналмауы керек. Студент жоғары білім үшін ақша төлемеуі тиіс. Университет негізінен халқына, еліне қызмет етуі шарт. Университет - коммерциялық емес, әлеумет алдындағы жауапкершілігі бар ұйым. Студенттердің білімі мен тәжірибесін олардың ақшалары есебінен дамыту мүмкін емес. Себебі сапалы білім беруді ұйымдастыруда аз қаражат жұмсалмайды. Сондықтан білім сапасын арттырғымыз келсе, оқытушылардың жалақысын мемлекет тікелей қаржыландыруы керек (Испания, Германия немесе Нидерландыдағыдай), ал университет қаржыландырудың басқа көздерін қарастыруы қажет. Мысалы, КАЗГЮУ жеке ақылы курстарды, біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұсынады, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ Эндаумент қоры бар. Онда біздің түлектеріміз, меценаттар студенттерді оқытуға және университеттің материалдық-техникалық базасын жақсартуға көмектеседі", дейді Басқарма төрағасы.
Бұл жайлы Талғат Нәрікбаев Қазақстан студенттері Альянсы мүшелері және 100-ден астам жоғары оқу орындарының белсенді жастарымен болған онлайн кездесуінде мәлімдеді.