23 Қараша, 2013

Зиянды жүйенің жойылғаны жөн

290 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасына А.Перуашевтің ұсыныстарын депутаттар қолдамады деген ТЖМ-нің мәлімдемесі – жалған. «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының депутаттары брифингте осылай деп мәлімдеді.

Бұл туралы айта келіп, депутат Меруерт Қазбекова, мә­се­лен, былай деп атап өтті: «Жал­пы, министрліктер мен ведом­ство­лардың Президенттің сынына орай әрекеттері таңғаларлық екендігін атап өтуді қажет деп санаймыз.

 

«Азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасына А.Перуашевтің ұсыныстарын депутаттар қолдамады деген ТЖМ-нің мәлімдемесі – жалған. «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының депутаттары брифингте осылай деп мәлімдеді.

Бұл туралы айта келіп, депутат Меруерт Қазбекова, мә­се­лен, былай деп атап өтті: «Жал­пы, министрліктер мен ведом­ство­лардың Президенттің сынына орай әрекеттері таңғаларлық екендігін атап өтуді қажет деп санаймыз.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі өткен жолғы брифингте біздің әріптесіміз, фракция жетекшісі Азат Перуашев Мемлекет басшысының: «Тексеру­лер­ді оңтайландыруға қызмет етуі тиіс тәуекелдерді басқару жүйе­лері әрбір мемлекеттік органмен өз қалауынша жасалған. Олар бір­ыңғай әдіснамасыз жұмыс іс­тейді», деген сөздерін нақпа-нақ келтірді.

Бұған байланысты Перуашев қазіргі таңда Парламенттің талқылауындағы «Азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасын мысалға келтірген, онда ТЖМ коммерциялық ұйымдар жүргізетін «тәуекелдерді тәуелсіз бағалау» деп аталатын жүйені заңдастыру ұсынылады және ол мемлекеттік бақылауды ауыстырмақ. Біз мұны, Президенттің Жарлықтарын қоса алғанда, заңнамамен тікелей тыйым салынған мемлекеттік бақылау мен тексерулерді коммерцияландыру жүріп жатыр деп есептейміз. ТЖМ-мен ұсынылған тәсілдемелер сыбайластық-жемқорлықтық өрісті кеңейтеді, кәсіпкерлерді өртке қарсы қызмет жағынан тексеруден бас тартқызуға айырбас жасатып, «тәуекелдерді тәуелсіз бағалау» деп аталатын қызметтерге төлеуге мәжбүрлейді, деген еді фракция жетекшісі.

Енді, міне, бүгін ТЖМ, дерек­сөз келтіремін: «Азаматтық қор­ғаныс туралы» заң жобасына А.Перуашевтің ұсыныстарын де­путаттар қолдамады», деген сияқты мәлімдеме таратты.

ТЖМ-нің біздің ұсыныс­та­рымыздың «депутаттар та­рапынан қолдау таппады» тә­різ­ді мәлімдемесі шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні салыс­тырмалы кестеде жұмыс тобымен қабылданған және қолдау білдірілген Перуашевтің және бірлескен авторлардың, оның ішінде басқа да фракциялардан қатысқан, толып жатқан түзе­ту­лері бар. Бұл №2, 3, 6, 9, 25, 39, 43, 44, 46, 65, 67 және т.б. түзе­ту­лер – барлығы 70-тен астам Перуа­шевтің түзетулері қазірдің өзін­де қабылданған, тағы ондаған түзетулер жұмыс процесінде немесе Үкіметке қорытынды жасауға жіберілген.

Әрине, көптеген қабылданбаған түзетулер де (ол да 70 шамасында) бар, бірақ А.Перуашевтің барлық түзетулері әріптестерімен қабылданбады деп қыңырлықпен мәлімдеме жасау – демек, бұл қоғамды әдейі, қасақана адастыру.

Мүмкін, ТЖМ өзінің қалауын шындық деп көрсеткісі келетін болар, бірақ бұл оны анық емес, дәйексіз ақпарат таратқаны үшін моральдық жауапкершіліктен құтқара алмайды.

Екінші өте маңызды жайт: ТЖМ Мемлекет басшысының сынына неге құлақ асқысы келмейтінін негіздеуге тырысып, ведомствоның баспасөз қызметі көрсетілген мәлімдемеде өрт сөндірудегі еңбектерін және т.б. санамалайды.

Бірақ бұл жетістіктер, әсіресе, тұрақты түрде қайталанып жататын, мысалы, Алматы базар­ларындағы өрттердің айналасында ерсілігін айтпағанның өзінде, өте даулы болып көрінеді.

Сондықтан да біз, 11 қазандағы Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, «тәуекелдерді тәуелсіз бағалау» секілді зиянды жүйені жоюды талап етеміз», деп қорытындылады депутат М.Қазбекова.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар