Оқиға • 10 Қараша, 2020

Танымал туынды

643 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында «Фолиант» баспасынан Испания корольдігі академия­сының мүшесі, гроссмейстер, саяхатшы, тарихшы, әдебиетші, Кипрде, Ливанда, Ливияда, Мозамбикте, Анголада, Югославияда және басқа елдерде аса шиеленісті оқиғалар жайлы атышулы хабарлар жүргізген танымал журналист, бірнеше испаниялық және халықаралық әдеби, мемлекеттік сыйлықтың иегері Артуро Перес-Ревертенің «Құрсау немесе өлім үстіндегі ойын» («Осада, или шах­маты со смертью») атты романы жарыққа шықты.

Танымал туынды

Наполеон соғысы кезіндегі әскери қимылдар суреттелген «Гусар» атты алғашқы рома­нымен-ақ оқушы назарын аудар­ған автордың «Фламандская дос­ка» атты романы оны әлемге танытты. Кейінгі «Клуб Дюма», «Кожа для барабана» сияқты бірнеше тарихи, шытырман оқиғалы романдары көптеген шетел тілдеріне аударылып, миллион­дардың сүйіспеншілігіне бөленді. Көптеген шығармасы сахна төрінен берік орын алды.

«Құрсау немесе өлім үстіндегі ойын» – автордың қазақ тіліне аударылған алғашқы туындысы. Романда жазушы ХVIII ғасыр аясында Испания мен Франция арасындағы соғысты арқау ете отырып, арғы тарих пен сол кезеңнің көкейкесті пробле­маларын бір-бірімен шебер ұш­тастырады, саяси шиеленіс­терді, қоғамдық бүлік құпия­ларды, шым-шытырық тергеу қимылдарын, нәзік махаббат сезімдерін, полиция комис­сары­ның қылмыспен арпалысын адам ойына келмейтін кілт бұ­рылыстармен әсерлі жалғас­тырып кететіні сонша, оқыр­ман оқиға барысына ерекше қызығу­шы­лықпен еріксіз ілесіп отырады.

Көлемі 30 баспа табақ қомақты романды орыс тілінен қазақ тіліне аударған танымал журналист Сырым Бақтыгерейұлы екенін еске саламыз.