Оқиға • 10 Қараша, 2020

Дрондар додасы (Жетісуда ерекше жарыс өтті)

379 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысының Талғар ауданында ерекше жарыс өтті. Бұл жолы көкке әртүрлі ұшу аппараттары самғап, шеберлік сайысына қатысты. Яғни аймақтағы алғашқы дода «JETİSÝ Эрон дрон» деген атпен ұйым­дастырылып отыр.

Дрондар додасы (Жетісуда ерекше жарыс өтті)

Жалпы, бұл жобаның мақсаты Жетісу жерінің киелі жерлерін насихаттау ар­қылы ішкі туризімнің дамуына қолдау көрсету екен. Ал түпкі негізіне ақпараттық және цифрлы технологиялар саласындағы жастардың шеберліктерін шыңдау, цифрлы сауаттылықты әрі Қа­зақстанның әлемдік ақ­парат­тық кеңістіктегі имид­жін қалыптастыру сияқ­ты мағына жатыр.

Жаңаша мазмұндағы жарысты Алматы облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ұйымдастырған. Жетісу топырағында тұң­ғыш рет өткен жарысқа рес­пуб­ликаның әр өңірінен жиырмадан астам дрон ше­берлері қатысты. Олар ұшу, кедергілерді еңсеру, арнайы тапсырманы орындау сияқ­ты сайыс ережелерін орындап, ұшу аппараттарын қаншалықты басқара алатындарын дәлелдеді. Дрондар додасының нәти­жесінде анық­талған үздік шеберлерге беріліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

– Алматы облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі Жетісудың киелі жер­лерін ел ішінде және шет мемлекеттерде насихаттау арқылы ішкі туризмнің дамуына қолдау көрсетуді бастады. Сондықтан робот техникасы мен пилотсыз ұшу аппараттарын меңгеруді дәріптеу, тәжірибе алмасу мен жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қол­дау арқылы олардың кәсіби деңгейін арттыруды басты мақсат етіп отыр. Бұл өңірдегі жастардың ақпараттық және цифрлы технологиялар саласындағы шеберлігін шыңдау, цифрлы сауатты­лығын арттыру әрі отаны­мыздың әлемдік ақпараттық кеңістіктегі имиджін қалып­тастыруға оң ықпал етпек. Біз алғаш рет өткізген «JETİSÝ Эрон дрон» байқауына қа­тысушылар легі көп болды. Бұйырса, бұл жобаның ауқымын кеңейтіп, дәстүрлі түрде өткізсек деген ойымыз бар, – дейді идея авторы Самат Жаманбаев.

 

Алматы облысы