Бүгінде темір жол билеттерін «Жолаушылар тасымалы» АҚ 165 билет кассаларынан, 3 мыңға жуық агенттік кассаларынан, оның ішінде Амадеус сауда орындары мен пошта бөлімшелерінен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ bilet.railways.kz сайтынан, сондай-ақ «ҚТЖ билеті» мобильдік қосымшасын қосқанда 15 интернет сайттарынан сатып алуға мүмкіндік қарастырылған.
Сонымен қоса темір жол билеттерін вокзал аумағында және одан тыс орнатылған шамамен 30 мыңдай өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтарынан («Касса-24» и QIWI) сатып алуға болады. Интернет және өзіне өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы темір жол билеттерін онлайн сату үлесі тұрақты өсім тенденциясымен 47%-ды құрап отыр.
2020 жылы темір жол билеттерін сату жүйесін жетілдіру шеңберінде бірнеше жаңашылдықтар жүзеге асырылғанын айта кеткен орынды. Мысалы, мүгедектігі бар тұлғалар bilet.railways.kz сайты арқылы темір жол билеттерін жеңілдікпен сатып алуы мүмкіндігі жасалған. Бұған қоса bilet.railways.kz сайты «Каспий банк» АҚ процессингімен толықтырылды және де бұрындары билет кассаларынан POS-терминал арқылы төленіп қойылған темір жол билеттерін қайтару кезінде жолаушы картасына ақшаны автоматты түрде қайтару функциясы іске қосылды.
Touch ID и Pin-код – саусақ ізі көмегімен «ҚТЖ билеті» мобильдік қосымшасы қолданушыларын аутентификациялау қызметі жұмыс істейтінін айта кету керек.
Былтырдан бері саудада билеттер болмаған кезде жолаушыларға тіркелуге және кезек тәртібімен билеттер сатып алуға мүмкіндік беретін электронды «Күту парақшасы» қызметі де жолаушылардың сапалы қызмет алуларына ұсынылады.
Осы орайда «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол билеттерін сатып алу үшін онлайн жүйені пайдалануға кеңес береді.