Қоғам • 10 Қараша, 2020

Тұрғындардың тілегі ескерусіз қалмайды

113 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгінде Алматы шаһарының тұрғындары толғандырған мәсе­ле­лерін қала әкіміне онлайн байланыс арқылы жеткізіп жа­тыр. Ал әкімге айтылған әрбір өтініштің уақыт оздырмай оң шеші­мін тауып отырғаны қуантады.

Тұрғындардың тілегі ескерусіз қалмайды

 

Мәселен, жақында Алматы телеарнасындағы тікелей эфирде Медеу ауданының тұрғыны қойып жатқан бір сауалды құ­ла­ғамыз шалып қалған-ды. Сау­сақпен санарлық күнде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев аудан тұрғындары арызданған сол аумақта жүргенін көріп қуан­­дық. Және кешке қарай Медеу ауданының мәселесі қа­лай шешіліп жатқаны туралы нақ­ты мәлімдеме де таратты.

Cөйтсек тау бөктеріндегі тұр­­ғындар қарғын су мен көш­кін­нен қорқып бұған дейін де әкімнен бірнеше рет көмек сұ­ра­ған екен. Енді қаражат бө­лі­ніп, беткейлерді нығайтуға мүм­кіндік беретін габион құры­лым­дарының құрылысы мен жаң­быр суларын ағызатын арық­тар жасалып жатыр.

Мәселен, «Думан» ықшам ауданында 18,5 шақырымдық сумен жабдықтау және 26 шақы­рым су бұру желілерінің құ­рылысы аяқталып келеді. Қо­ғамдық көлік бағыттары өте­тін Хан Тәңірі, Қазығұрт, Қарқа­ралы, Ақмешіт, Бурабай, Бола­шақ көшелерінде 3,7 шақы­рым­дық жол күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Сол күні қала әкімі өзі­нің әлеуметтік парақшасында «Келесі жылы қалған 53 көше­нің жолдарын жөндейміз. Сон­дай-ақ «Мұзтау» шағын ауданында инженерлік желілерді салу­ға байланысты қазылған жол жабынын тез арада қалпына кел­тіру­ді тапсырдым. Бутаковка шат­қа­лына апаратын жолдың ұзын­дығы – 4,6 шақырым. Бұл жол туристік бағыттардың қата­ры­­на кіреді», деп жазды.

Тағы бір мәселенің шешімі жа­уын-шашын салдарынан көш­кін­нің жүруі ықти­мал «Компот» тұр­ғын алабы халқы­ның тілеуін қа­был етті. Көккинаки көше­сін­дегі қауіп­ті аймақта 42 үй болған. Биыл жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 350 шақырым болатын беткейлерді нығайту жос­пар­ланған. Алмалық көшесі бо­йындағы еңісті нығайтып, арық жүйесін орнату жұмыстары аяқ­талды, мұндағы қауіпті ай­мақ­та 60 үй бар болатын.

Сондықтан қазіргі күндері «Қала әкімінің тұрғындармен өткен кездесуінде мен осы мәсе­лені айттым», «Әкім біздің өті­ні­ші­мізді ескерусіз қал­дыр­мады», «Спорт алаңдарын орнатты, балалар стадионын ашты» дейтін алматылықтар аз емес. Белсенді қала тұрғындары әлеуметтік ин­фра­­­құрылым мәселелері қа­лай шешімін тауып жатқаны тура­лы әлеуметтік желілерде пі­кір­­лерін жазып жатады.

Мәселен, осы жолы Алма­ты­ның әкімі Бақытжан Сағын­таев Әуезов ауданындағы жұ­мыс сапары барысында аудан тұрғындарының өтініштері негі­­зінде жүзеге асырылған әлеу­мет­тік жобалармен танысты. Алматының Әуезов ауданында биыл әлеуметтік тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығын дамыту мен аумақтарды абат­тан­дыруға бағытталған 39 жоба жү­зеге асырылды.

Осы сапарында «Достық» шағын ауданының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әли Ахметов инженерлік желілерді жаң­ғыр­ту және жол жағдайын жақ­сар­ту бойынша жасалған жұ­мыстарды атап өтті. «Біздің аудан­­да осының алдында кәріз жү­йе­сі болмады, су құбырлары жұ­мысқа жарамсыз, кей жер­лер­де жарық та жоқ еді. Соңғы кездері осы бағыттарда ауқым­ды жұмыс атқарылып жатыр. Ауданымызда спорт алаңдарын орнатты, енді бізде футбол, волейбол және баскетбол алаңдары бар. Бізді біраз уақыттан бері жолдардың сапасы алаңдатып келген, бірақ енді бұл іс те қолға алынды. Қазір жолымызды жөн­деп жатыр. Енді бәрі жоғары дең­гейде болады деп сенеміз», дейді ол.

Сол сияқты, ауданның тағы бір тұрғыны Ділмұрат Мұсаев бұ­ған дейін стадионның орны бос жатқанын және тұр­ғын­дар­дың сол аумақты өз күшімен абаттандырмақ болғанын айтты. Бірақ ол үшін көп күш пен қаражат қажет болған. Енді қала әкімінің тікелей арал­суымен іске асқан тірлік үшін әкім­дік­ке алғысын білді­ріп, бар­лық жұмыстың тұрғын­дар­дың өті­ні­ші бойынша олардың тілек­те­рін ес­кере отырып жасал­ға­нын атап өтті.

Зейнеткер Гүлдария Қастеева ауданда қарттар үшін демалыс орындары пайда болғанына қуа­нады.

«Біз бұл ауданда 30 жылдан аса уақыт тұрамыз. Бұрын ба­лалар үшін үлкен аумақ бол­ған, бірақ уақыт өте келе ол жоқ болды. Бірақ бүгінгі таңда бізде балаларға арналған алаңдар, спорт алаңдары орнатылды, тротуарлар жөнделді, жол жиектері ауыстырылды. Бізді де ұмытқан жоқ, ауданның қарт тұрғындары қолданатын тренажерлер орнатылды. Міне, қазір мен тренажерлерге бару үшін шықтым. Біз аудан тұрғындары, атқарылған жұмыстар үшін өте ризамыз», дейді қария.

 

АЛМАТЫ