23 Қараша, 2013

Қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі

300 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің 65-ші отырысына қатысты.

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің 65-ші отырысына қатысты.

Достастық елдері қорғаныс ведомстволарының басшылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Бірлескен жұмыстар барысында министрлер ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің 2013 жылғы қызметінің қорытындысын шығарып, ке­ле­сі жылға жоспарланған ын­ты­мақтастық шараларының не­гізгі бағыттарын айқындады. Отырыста ТМД-ға мүше елдердің әуе шабуылына қарсы біріккен қор­ғаныс жүйесінің 2014 жыл­ға арналған бірлескен іс-шара­ла­ры талқыланып, Достастық мем­лекеттері әскерлерінің мүддесі үшін жедел геокеңістік ақпаратын алмасудағы ынтымақтастықты қарастырды. Сонымен қатар, әс­кери-техникалық және әскери білім саласындағы көптарапты ынтымақтастық бағыты талқы­лан­ды.

Сондай-ақ, отырыста жедел және жауынгерлік даярлық іс-ша­раларын тәжірибе түрінде іске асыру, террорға қарсы іс-қи­­мыл саласына мамандар да­йын­дауды ұйымдастыру және олар­дың біліктіліктерін арттыру мәселелері көтерілді. Әс­кери білім саласындағы ын­ты­мақтастық шеңберінде Ресей тарапы Достас­тық елдерінің жоғары әскери оқу орындары арасында Олимпиада өткізу туралы ұсыныс жасады.

Мәскеудегі отырыс шеңбе­рін­де Әділбек Жақсыбеков Ре­сей Федерациясы, Беларусь Рес­публикасы, Әзербайжан Рес­­публикасы, Тәжікстан Рес­­пуб­ли­касы, Қырғыз Респуб­ли­касы және Украинаның қор­ға­ныс ми­нистр­лерімен бірқатар екі­жақты кездесулер өткізді.

Келіссөздер кезінде қор­ға­ныс ведомстволарының бас­шылары әскери және әс­кери-техникалық өзара іс-қи­мылдың қазіргі жағ­дайы мен оны дамытудың келе­шегін талқылады. Әділбек Жақ­сы­бе­ков Мемлекет басшыла­ры ара­сындағы жоғары деңгейдегі байланыстар қорғаныс сала­сын­дағы ынтымақтастыққа жаңаша тыныс беріп, өзара іс-қимылды тиімді қамтамасыз ететіндігін атап көрсетті.

Қазақстан Қорғаныс ми­нистрлігінің Ресей, Беларусь, Әзер­байжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Украина әскери ведомстволарымен ынтымақтастығының нормативтік негіздерін қамта­ма­сыз ету үшін 2014 жылға екіжақты ынтымақтастық жоспарларына қол қойылды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар