Әлем • 10 Қараша, 2020

Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойылды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісім жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойылды

Мәлімдемеге Әзербайжан президенті Әлиев, Армения премьер-Министрі Пашинян және Ресей Федерациясының президенті қол қойған. Келісім бойынша 2020 жылғы 10 қарашада Мәскеу уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан бастап Таулы Қарабақ аймағындағы атысты және барлық әскери әрекеттер тоқтатылады.

Екі ел әскери тұтқындар мен басқа да ұсталғандармен және қаза тапқандардың мәйіттерін бір-біріне беретін болады.