Сайлау • 10 Қараша, 2020

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына кандидаттарды ұсыну науқаны басталды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап Мәжіліс пен мәслихат депутаттығынан үміткерлер өз кандидатурасын ұсына алады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына кандидаттарды ұсыну науқаны басталды

Бекітілген жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну кезеңі дауыс беру күнінен екі ай бұрын басталады және дауыс беру күнінен қырық күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. Яғни, 10 қарашадан бастап 30 қараша сағат 18-00-ге дейін. Партиялық тізімді тіркеу сайлаудан екі ай бұрын басталады және сайлауға бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады. Яғни, 2020 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсан күнгі сағат 18:00-ге дейін.

Заңға сәйкес, сайлау алдындағы үгіт партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады. Осылайша, партиялық тізім бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауының жалпы ұзақтығы - тағайындалған күннен бастап дауыс беру күніне дейін 82 күн.