Әлем • 10 Қараша, 2020

Оңтүстік Кореяда алаяқтарға көмектескен қазақстандық ұсталды

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласының полициясы 28 қазанда осы елде заңсыз жүрген 26 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Жігітке телефон арқылы алаяқтарымен сөз байласты деген айып тағылды, деп хабарлайды Egemen.kz Newsis басылымына сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяда алаяқтарға көмектескен қазақстандық ұсталды

Хабарламада айтылғандай, Қазақстан азаматы белгіленген жерден 35 миллион вон (шамамен 13,6 миллион теңге) мөлшерінде 500 мың вон (шамамен 194 мың теңге) сыйақы алу үшін жинауға мәжбүр болған.

Газеттің хабарлауынша, алаяққа алданғандар қарт адамдар екен. Олар телефон алаяқтарына барлық жинақтарын беріп, есігінің алдына бір пакет ақша қалдыруға мәжбүр болған.

"Қазақстан азаматы ақшасы бар пакетті алып, Кенгидо провинциясынан шығып, ақшаны алаяқтарға жеткізбек болған. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізуде", делінген басылым хабарламасында.