Аймақтар • 10 Қараша, 2020

Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

10-11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ, екпіні секундына 15-20 метр жел тұрады, боран соғады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 16 метрге күшейеді. Атырау облысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге күшейеді.Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секнудына 15-20 метрге күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің секундына 15-20 метрге күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.