Аймақтар • 10 Қараша, 2020

Павлодар облысында мас күйде ұсталған әкім қызметінен кетті

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында мас күйінде рульге отырған әкімнің ісі қоғам наразылығын тудырды. Нәтижесінде әкім қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодар облысында мас күйде ұсталған әкім қызметінен кетті

Май облысы әкімдігінің хабарлауынша, шенеунік жұмыстан босату туралы арызды өзі берген.

"Май ауданы Ақжар ауылының әкімі Серік Құсайынов қызметінен босатылды. Ол өз еркімен жұмыстан кетті", деп хабарлады облыс әкімдігі.

Қазан айында рульге мас болып отырған ауыл әкіміне тәртіптік іс қозғалған еді.. Шенеунікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаумен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын бұзғаны және қызметтік көлік құралдарын жеке мақсатта пайдаланғаны үшін айып тағылды.

Айта кетейік, 5 қарашада Павлодар облысының әдеп жөніндегі кеңесі Құсайыновтың ісін қарап, әкімге тәртіптік жазаны толық емес қызметтік сәйкестік түрінде беруді ұсынған еді.