Осыған байланысты, әкімдіктің 2019 жылғы 26 наурыздағы қаулысымен балалар үйі қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы болып қайта құрылды. Сонымен қатар балаларды орталықтан тұрақты тұру топтарынан "SOS Астана балалар ауылына" отбасылық тәрбиемен ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Осы мақсатта Нұр-Сұлтан әкімдігі, "SOS Қазақстанның балалар ауылдары" корпоративтік қоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, "Ана үйі" ҚҚ, қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы арасында меморандумға қол қойылды.
"Жыл басынан бері 29 оқушы ауылға ауыстырылды. 2020 жылдың соңына дейін қалған 22 тәрбиеленушіні ауыстыру жоспарланып отыр. Осы мәселеде бізді қолдаған "Ана үйі" қоғамдық қорын атап өткім келеді. Олар ауылдың 10 үйінде және қазандықта ақысыз негізде күрделі жөндеу жүргізді, енді тағы екі үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде", деді қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Гүлім Жүсіпова.
Орталықтың функциялары күшейтілді, олар қолайсыз отбасыларға, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға бағытталған.
Қалада барлығы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 860 бала тіркелген. Оның ішінде 604 бала қорғаншылық пен қамқоршылықта, 79 бала патронаттық тәрбиеде, 4 бала патронаттық отбасыларда, 173 бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде.