23 Қараша, 2013

Қайнар бұлақ

806 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

01-Китап«Халқымыз дербестікпен бірге дәстүрлі мәдениетіне, тілі мен дініне толыққанды ие болып, оларды заманға сай дамытуға мүмкіндік алды. Өш­кеніміз жанып, ұмытқанымыз жады­мызда жаңғырды. Мұ­ның барлығы Қазақ елінің ұстанған бағыт-бағдарының дұрыстығын, ата-баба жолынан айнымағанын білдіреді» – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төр­аға­­­сы, Бас мүфти Ержан қа­жы Мал­ғажыұлының діни бас­қар­маның сараптау комис­сия­сының мақұлдауымен шыға­рылған «Дін мен Дәстүр» атты жинаққа жазған алғы сөзінде осылай делінген.

Кітапта дәстүр туралы түсінік, дәстүрдің діндегі орны, қазақ халқының имани дәстүрлері, басқа да жайлар жөнінде жан-жақты мағлұмат берілген. Қазақ мақал-мәтелдерінің Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ха­дистерімен үндес екендігіне нақты айғақтар назар аударарлық. Мұның өзі халқымыздың салт-санасы, таным-түсінігі Ислам қағидаттарынан бастау алатынын дәлелдейді.

Кеше Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде аталған кітаптың таныстырылымы өтті. Бас редакторлар клубының пре­зиденті Кенжеболат Жол­дыбай таныстырылымда сөй­леген кіріспесөзінде жур­на­листер қауымының Қазақ­стан мұсылмандары діни басқар­масының жұмысына дәйім қолдау білдіріп отыратынын, алдағы кезде де бұл істе қор­да­ланып қалған мәселелерге тиісінше көңіл бөлінетінін айтып өтті. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы дін саласында тындырылған шаруалармен қатар, алаңдатарлық ахуал да бар екендігін ашық әң­гімелеп, ортақ шаруаға жур­­налистер қоса алар үлес жө­­ніндегі ойларын ортаға салды, көптеген сұрақ­тарға жауап берді.

Бұл ұжымдық еңбек – «Дін мен Дәстүр» жинағының 1-кітабы. Алдағы кезде осы игілікті іс жалғасын таппақ.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар