Аймақтар • 10 Қараша, 2020

Павлодардағы техника дүкеніне шабуыл жасалды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгісіз біреудің техника дүкеніне жасаған шабуылы видеоға түсіп қалған. Оқиға Павлодар қаласында орын алыпды, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодардағы техника дүкеніне шабуыл жасалды

Instagram желісінде жарияланған видеода ер адамның дүкендегі ұялы телефондарды алып, жерге лақтырып жатқаны көрінеді. Сатушылардың бірі оны тоқтатпақ болады, алайда ол оған да телефон лақтырып, төбелес шығарған.

Полицейлердің айтуынша, ер адамның психикалық ауруы бар екені белгілі болды, есепте тұр. 20 минут бұрын бір әйел полицияға қоңырау шалып, науқас ұлының үйден қашып кеткенін хабарлаған.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері  28 жастағы ер адамды ауруханаға жатқызған.