Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков мамандар тұрақты талдау жүргізіп жатқанын айтты.
"Біз 2 миллион доза туралы айтқанбыз. Халықтың шамамен 15 пайызын тегін вакцинациямен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл шамамен 3 миллион 600 мың адам. Бұл мәселе пысықталып жатыр және ДДҰ ұсыныстарына байланысты осы пайызды арттыру үшін қосымша қаражат іздестіріліп жатыр", деді ол.