Аймақтар • 10 Қараша, 2020

Шығыста қатаң карантин режимі ұзартылды

220 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шектеу шараларын ұзарту туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыста қатаң карантин режимі ұзартылды

Қаулыға сәйкес, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2 - тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 11 қарашадағы сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 25 қарашадағы сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылады. 

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. 

"Қалалар мен аудандар әкімдері: 

1) Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекараларын сақтау;
2) Өскемен, Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғау мен бақылау 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы - 23, Семей қаласы - 17) байланыстыра отырып, 402 шаршыда (Өскемен қаласы – 200, Семей қаласы - 202) жүзеге асыру;
3) Халыққа жеке меншік үйлер мен құрылыстарда сонымен қатар жалға алынған үйлер мен құрылыстарда корпоративтік, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралардың өткізілмеуіне бақылауды қамтамасыз ету;
4) 65 жастан асқан адамдарға және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына бірінші кезекте қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізумен айналысатын волонтерлердің жұмысын жалғастыру;
5) пәтер иелерінің кооперативі, кондоминиумдарды басқару органдарымен және көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін басқа да ұйымдармен бірлесіп:
- кестеге сәйкес кіреберістерде, лифтілерде, паркингтерде профилактикалық дезинфекциялау жүргізу және ылғалды жинау;
- аула және балалар алаңдарының аумақтарына күнделікті жинауды жүргізу барлық жабдықтарды, шағын сәулет нысандарын балалар алаңдары мен оларға іргелес аумақтарды кестеге сәйкес дезинфекциялау құралдарымен дезинфекциялық өңдеу;
- дезинфекциялық өңдеу жүргізу кестелерін және респираторлық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды хабарландыру тақталарына және басқа да көпшілікке көрінетін жерлерге орналастыру;
6) кейінге қалдыруға болмайтын шешімді талап ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтарды жеке қабылдауды, қызметкерлердің жеке қатысуымен кеңестерді, семинарларды және т. б. өткізуді азайту;
7) сыртқы орта объектілеріне (адамдар көп жиналатын орындардағы ғимараттар үй-жайларында, қоғамдық көлікте, жабық және жылы аялдамаларда, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, жер асты, жер үсті жаяу жүргіншілер өтпелерінде) дезинфекциялық және санитариялық өңдеу жүргізе отырып, облыстың барлық елді мекендерінің аумағында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыру жүзеге асырылсын", делінген қаулыда.