25 Қараша, 2013

Украинада еуроинтеграцияны қолдаушылар үкіметтің кетуін талап етуде

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 11 - Ukraina miting 3Украина астанасында еуроинтеграцияны қолдаушылар бүгін де министрлер кабинеті ғимаратының алдына жиналып, Николай Азаров үкіметінің отставкаға кетуін талап етті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Батькивщина», УДАР және «Свобода» оппозициялық партияларының, сондай-ақ ұлттық және Еуро одақтың туларын ұстаған 300-ге жуық адам министрлер кабинетінің алдына жиналып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.

«Беркут» арнайы жасағы министрлік автокөліктерінің ғимараттан шығуы үшін жолды бөгеп алған шерушілерді ығыстыра бастады. Дәл осы кезде шерушілер мен арнайы жасақ қызметкерлері арасында қақтығыс орын алды. Күштік құрылымдар жасаурататын газды қолданып, ақыры шерушілерді жолдан ығыстырып шығарды.

Премьер-министр еуроинтеграцияны қолдауға бағытталған акциялардан қорықпайтынын, тіпті, бұл акциялардың ұйымдастырылуы мен қаржыландырылуын тексеретінін алға тартты.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар