Женевадағы келісімдерден кейін Еуропа Одағы Иранға қарсы санкцияның тәртібін жеңілдетуге дайындық шараларын бастады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
«Санкция тәртібін жеңілдету жобасы эксперттік деңгейде Еуроодаққа мүше 28 ел өкілдерімен қаралып, Еуропа Одағы Кеңесімен бекітіледі. Бұл шаралардың ұзақтығы 6 айға созылады. Одан соң келісімдегі Иранға бөлінген міндеттердің орындалуы қайта бағаланатын болады», – деп мәлімдеді Еуроодақтың сыртқы саяси қызметіндегі ақпарат көзі ИТАР-ТАСС тілшісіне. Ол сондай-ақ Еуроодаққа Иранның мұнай, алтын мен бағалы металлдарының тасымалдануына, ресейлік мұнай-химия, авто және авиация өнеркәсібі саласындағы компаниялармен қарым-қатынас жүргізуіне тиым салатын тәртіпті қайта қарау керек екенін алға тартты. Бұған қоса, Иранның банктік шоттардағы активтерінің бір бөлігін ашу көзделіп отыр.
Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиустың айтуы бойынша, Еуропа Одағы желтоқсан айында санкцияның күшін жоюды бастайды.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com