Әлем • 11 Қараша, 2020

Үндістан медиасында үлкен науқан басталды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістан­да қа­­лып­­тасқан әр­түр­­­­лі каста мен дін өкіл­де­рінің үй­ле­н­уі­не қатысты ты­йым­ға қарсы науқан басталды. Қоғам бел­сенділері әлеуметтік желілерде «сенім, этнос, дінге байланысты шектеу­ болмайды» деген ұстаныммен ойларын бөлісуде.

Үндістан медиасында үлкен науқан басталды

Ұйымдастырушылардың айтуынша, елдегі консервативті отбасылар балаларына басқа каста мен басқа сенім­дегі адамдармен отау құруға рұқсат бер­мейді. Соңғы жылдары жастар өз қалауымен отбасы құра алмағанына қарсылық танытып, қоғамда үлкен резонанс туған.

Жақын арада «Танишк» әшекей компаниясы екі түрлі дін өкілінің үйленгенін көрсетіп, жарнама ролигін түсірді. Жарнамада бірнеше мәдениеттің бір отбасында көрініс тапқаны ұнамаса керек, сюжет халықтың ашуын туғызып, талқылауға ұшырады. Олардың ойынша, отбасы құрған екі тарап бірдей мәдениетті дәріптеп, бір сенімде болуы керек. Ал жарнамадағы Батыс пен Шығыстың қосындысы бұл қоғамға жат. Жарнама жасаушы компания жарнама ұраны ретінде «Тұтастық – әралуандықта» дейді. Дегенмен бұл идея қудаланып, жарнаманың таратылуына шектеу қо­йыл­ды.

Үндістан белсенділері бұдан кейін әлеуметтік желіні қолдануды жөн көреді. Блогерлер мен қоғам белсенділері па­рақ­­шаларында бір отбасында екі мә­дениетке орын барын, әйелі мен ерінің бір кастадан болуы шарт емесін айтуда. Белсенділер осылайша қоғамдағы агрессияны тоқтатуға тырысатынын білдірді. «Біз тек өз оқиғасымен бө­лі­су­ге мүмкіндік береміз. Ешкімді райынан қайтаратын ойымыз жоқ. Бірақ қоғам мұның қалыпты екенін түсінетін кез келді», дейді олар.